«Жолдау-2026: Жаңа кезең – жастар көзқарасы» танымдық-аналитикалық іс-шарасы өтті

«Жолдау-2026: Жаңа кезең – жастар көзқарасы» танымдық-аналитикалық іс-шарасы өтті

2026 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы  Жолдауын талқылауға арналған «Жолдау-2026: Жаңа кезең – жастар көзқарасы» атты интеллектуалды-пікірталас алаңы өтті. Іс-шараны Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгеру ш  і сі  Е.Б. Оспанов және аға оқытушы М.Ш. Назарова ұйымдастырды.

Жиынға «Ветеринария 26-01К» тобының 1-курс студенттері қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген маңызды стратегиялық бастамалар, соның ішінде экономикалық реформалар, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығын қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер мемлекеттік бағдарламалардың мақсат-міндеттерін саралап, өз ойларын ортаға салып, жоғары белсенділік танытты.

Бұл іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігі мен саяси сауаттылығын арттырып, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізді. Студенттер еліміздің болашақ даму бағдарымен танысып қана қоймай, әрбір реформаның қоғам мен мемлекет үшін практикалық маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник