«Жаңа Қазақстанның болашағы: жастар, білім, ғылым және технология» атты Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті

«Жаңа Қазақстанның болашағы: жастар, білім, ғылым және технология» атты Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын студенттерге түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Аталған іс-шараға Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары, с.ғ.к. З.И. Ашимова, Л.Б. Нұрбаева, Н.Б. Тәуекелова және Аграрлық техника және машина жасау кафедрасының аға оқытушысы Ж.Б. Жұмағұлов қатысып, студенттерге стратегиялық құжаттың негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында спикерлер Жолдауда көтерілген әрбір сала бойынша терең талдау жасады. Атап айтқанда, ел экономикасын жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық трансформация, энергетикалық қауіпсіздік, ғылым мен білім сапасын арттыру және жастарды қолдау мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар инженерлік мамандықтардың ел дамуындағы рөлі мен болашақ жас мамандардың алдында тұрған міндеттерге ерекше назар аударылды.

Жиын соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник