KazNARU-да «Abai’s Concept of the Integral Person: Language, Knowledge and Self-Development» атты ағылшын тіліндегі тілдік-танымдық шара өтті
2026 жылғы 22 қыркүйекте “Тіл –халықтың жүрегі,ұлттың тірегі” тілдер апталығы аясында «Abai’s Concept of the Integral Person: Language, Knowledge and Self-Development» атты ағылшын тіліндегі тілдік-танымдық шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Толық адам» тұжырымдамасын қазіргі жастардың дүниетанымымен сабақтастыра таныту, білім мен өзін-өзі дамыту құндылықтарын дәріптеу және студенттердің ағылшын тіліндегі коммуникациялық дағдыларын дамыту.Шараға «Тілдер» кафедрасының меңгерушісі Жонкешов Бауыржан, шет тілі оқытушылары және Fulbright бағдарламасының English Language Teaching Assistant (ELTA) оқытушысы Maliha Chowdhurry қатысты.
Шетелдік оқытушының қатысуы қатысушыларға ағылшын тілінде қарым-қатынас жасап, мәдениетаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.Шара барысында Абайдың «Ақыл, қайрат, жүрек» тұжырымы талқыланып, білімге ұмтылу, сыни ойлау, өзін-өзі тану және үздіксіз даму құндылықтарымен байланысы қарастырылды.
Студенттер ағылшын тілінде шығармашылық қойылымдар мен поэзиялық үзінділер ұсынып, тілдік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар Абайдың философиялық ойларының қазіргі қоғамдағы өзектілігі талқыланды.Абайдың рухани мұрасын ағылшын тілі арқылы танытуға бағытталған шара Тілдер апталығының мазмұнын толықтырып, ұлттық құндылықтар мен шетел тілін оқытуды сабақтастырудың тиімді үлгісін көрсетті.Іс-шараны ұйымдастырып, өткізгендер: аға оқытушылар Кашкеева Айдана, Серикова Акниет , Әдіжаппар Айгерім.