KazNARU

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылары мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, заманауи зерттеу оқу ордасындағы білім берудің жаңа стандарттарымен және инновациялық жетістіктермен таныстыру жұмыстарын белсенді жалғастыруда.

✅ Атап айтқанда, "Зооинженерия және биотехнология" кафедрасының профессоры Құлатаев Б.Т., қауымдастырылған профессорлар – Баймажы Е.Б., Жұмағалиева Г.М. және Қадыкен Р. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылту ауылындағы №24 орта мектепте;

✅«Клиникалық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры PhD Жанат Бименова Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектепте;

✅ "Ветеринария және зооинженерия" факультетінің "Микробиология, вирусология және иммунология" кафедрасының аға оқытушысы Зубайра Кожахметова Алматы қаласындағы М.Бегалин атындағы №120 гимназияда;

✅ "Ветеринария және Зооинженерия" факультетінің "Ветеринариялық санитария" кафедрасының аға оқытушысы Мейрамкүл Ергумарова мен в.ғ.м., аға оқытушы Ақжарқын Узынтлеуова Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған орта мектебінде болып, бітіруші түлектерімен кездесіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп қайтты.

✅ Спикерлер университеттің заманауи инновацияларды құру және дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктері, факультеттердің ерекшеліктері туралы айта келіп, оқу ордасы жайлы бейнеролик пен презентация ұсынды.

✅ Жиынға қатысқан жоғары сынып оқушылары аграрлық мамандақтардың болашағына қызығушылық танытты. Олар бейіндік пәндер бойынша: математика-география, математика-физика, биология-химия, биология-география таңдай отырып, QR-код сілтемесі арқылы сауалнаманы толтырып шықты. KazNARU-ға құжат тапсырамыз деген оқушылар арнайы жеке кестедегі сұрақтарға жауаптар қайтарды.

✅ Кәсіби бағдар беру жұмыстары одан ары жалғасуда.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник