KazNARU мен ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАДЫ
2025 жылғы 29 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Түркістан облысының білім басқармасының басшылары және жоғары сынып оқушылары қатысқан «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру аясындағы кездесу сәтті өтті.
Офлайн және онлайн форматында өткен кездесуге KazNARU проректорлары, факультет декандары, профессор оқытушылар құрамы, мектеп директорлары мен сынып жетекшілері, профориентологтар, жоғары сынып оқушылары мен университет студенттері қатысты.
Кездесуді KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы ашып, еліміздегі жетекші университеттің халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беріп, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға байланысты бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктеріне тоқталып, кездесуге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының басшысы Маханбетов Жандос Маханбетұлы өз сөзінде аудандық білім бөлімдері, мектеп директорларымен бірге өңірден 8000 аса жоғары сынып оқушысы қатысқанын жеткізді.
«Облысымызда жоғары сынып оқушылары үшін болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау мақсатында оқу-тәрбие жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Біздің облыста ауыл шаруашылғы саласының үлесі үлкен. Сондықта, агро мамандықтарына деген деген сұраныс та жоғары. Біздер Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен тығыз байланыс орната отырып, аграномия, зооинженерия, ветеринария, су шаруашылғы, ІТ мамандықтарына барғысы келетін талапкерлерді анықтап, бағыт-бағлар береміз. Сіздермен бүгінгі кездесу де жастардың таңдауынжасауға ықпалы тиері анық», - деді Жандос Маханбетұлы.
Кездесуде Қабылдау комиссиясының директоры Айнұр Қайырбаева, «Жасыл тұрақты даму институтының» жетекші маманы Майя Сүйіншалиева, Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Әшірәлі Сманов, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, Қабылдау комиссиясының мамандары және Түркістан облысында туып-өскен белсенді студенттер сөз сөйлеп, ой-пікір, ұсыныстарымен бөлісті.
Спикерлер университеттің заманауи инновацияларды құру және дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктері, факультеттердің ерекшеліктері туралы айта келіп, оқу ордасы жайлы презентация ұсынды. Жиынға қатысқан жоғары сынып оқушылары аграрлық мамандақтардың болашағына қызығушылық танытты.
Кездесу қортындысында университет басшылығы мен Түркістан облысының білім басқармасыарасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
KazNARU Баспасөз қызметі