АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ: KazNARU студенттерінің Республикалық пәндік олимпиададағы табысы
2025 жылдың 22-23 сәуір аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада қортындысында KazNARU «6B08701 - Аграрлық техника және технология» БББ бойынша оқитын 3-курс білім алушылары: Әди Нұртай мен Бекасыл Қани жүлделі II орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жұмағұлов Жандос Боранбайұлы.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, кәсіби ой-өрісін кеңейту және аграрлық салада бәсекеге қабілетті жаңа буынды қолдау.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді:
• Бірінші айналымда қатысушылар теориялық білімдерін сынап, тест тапсырмаларын орындады.
• Екінші кезеңде ТОО "Eurasia Group" компаниясының "Инженерлік технология және көлік" кафедра филиалында студенттер ситуациялық-практикалық тапсырмаларды орындап, техникалық есептерді шешу мен инновациялық агротехникалық шешімдер ұсыну бағытында жарысты.
Сайыс барысында студенттер:
• Инженерлік ойлау қабілеттерін көрсетті;
• Ауыл шаруашылығы техникасын жетілдіру бойынша тың идеялар ұсынды;
• Бір-бірімен тәжірибе алмасып, кәсіби серіктестіктің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты.
Жеңімпаздар Дипломдар мен сертификаттармен марапатталды. Топ жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.
Республикалық білім-ғылым сайысында университет абыройын асқақтатқан студенттеріміз бен ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да жаңа биіктерден көріне беріңіздер!
KazNARU Баспасөз қызметі