«Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың тірегі» атты іс-шараның жабылу салтанаты өтті
2026 жылғы 1 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың тірегі» атты апталықтың жабылу салтанаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың тілге деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау, көптілділік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Апталық аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен түрлі зияткерлік, шығармашылық және танымдық байқаулар ұйымдастырылды. Жабылу салтанатында «Алтын қақпа», «Язык – окно в мир: Абай, слово и человек», «Толық адам – ХХІ ғасыр адамы», «A Day in My University Life» байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
Салтанатты жиын барысында университет студенттері ұлттық өнерімізді насихаттайтын музыкалық шығармаларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара соңында апталыққа белсенді қатысқан студенттерге алғыс білдіріліп, ұйымдастырушыларға ризашылық айтылды.
«Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың тірегі» атты апталық студенттердің тілге, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік берді.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


