Тілдер мерекесі апталығы аясында халықаралық деңгейде өткен «Language and Culture Fair» интерактивті іс-шарасы өтті

Тілдер мерекесі апталығы аясында халықаралық деңгейде өткен «Language and Culture Fair» интерактивті іс-шарасы өтті

Өткен уақыты: 2026 жылғы 29 қыркүйек, сағат 15:00

Өткен орны: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (КазНАИУ), Алматы қаласы, 1 корпус, 5 аудитория

Ұйымдастырушы: Тілдер кафедрасы

Жауапты тұлғалар: аға оқытушылар Мырзахмет М.Ж., Джамалдинова М.Т.

Құрметті қонақтар: Fulbright English Language Teaching Assistant Maliha Chowdhurry, оқытушы Досмайлова Гаухар Қуанышқызы

Іс-шара халықаралық деңгейде өтті: оған Fulbright бағдарламасының English Language Teaching Assistant өкілі Maliha Chowdhurry қатысты. Іс-шара тіл үйренуді насихаттауға, әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүрін таныстыруға, студенттердің тілдік және мәдениетаралық құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды. Тілдер кафедрасы дәстүрлі форматтың орнына шығармашылық жұмысты, ойындар мен квиздерді біріктірген заманауи интерактивті алаң ұйымдастырды.

Іс-шара «Тіл және мәдениет – толық адамға бастар жол» ұстанымы аясында өтті. Негізгі идея: «Тіл үйрену – сөз үйрену ғана емес. Тілді үйрену арқылы біз өзге адамды, өзге мәдениетті және өзімізді танимыз». Бұл идея Абайдың «Толық адам» концепциясымен өзектес: тіл тек қарым-қатынас құралы емес, ол адамның мәдениетін, дүниетанымын және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын құрал.

Жүргізушілер оқытушыларды, студенттер мен қонақтарды құттықтап, тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар мәдени құндылықтардың, дәстүрдің және дүниетанымның тасымалдаушысы екенін атап өтті. Іс-шараның ұраны мен негізгі идеясы – «Тіл және мәдениет – толық адамға бастар жол» – Абайдың «Толық адам» концепциясымен байланыстырылып жеткізілді. Екі бөліктен тұратын іс-шара бағдарламасы таныстырылды.

 Қазылар алқасының мүшесі қорытынды мен жеңімпаз команданы жариялады. Құрметті қонақтар Maliha Chowdhurry мен Досмайлова Гаухар Қуанышқызы студенттердің алғырлығы мен ізденімпаздығын атап өтті. Соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға құрмет марапаттары табыс етілді.

Іс-шара қойылған мақсаттарға жетті. Қатысушылар ағылшын тілін нақты коммуникативтік жағдайда жаттықтырды, әртүрлі елдердің мәдениеті, дәстүрі мен тілдері туралы білімін кеңейтті, командада жұмыс істеу, шығармашылық және жылдам ойлау дағдыларын дамытты. Интерактивті формат студенттердің іс-шара бойы белсенді қатысуын қамтамасыз етті.

Тілдер кафедрасының аға оқытушылары: Мырзахмет М.Ж., Джамалдинова М.Т.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник