Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Тілдер мерекесіне арналған апталық аясында «Language and Culture Fair» атты интерактивті іс-шара өтеді

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Тілдер мерекесіне арналған апталық аясында «Language and Culture Fair» атты интерактивті іс-шара өтеді

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті (КазНАИУ)
Өтетін уақыты: 29 қыркүйек 2026 жыл,
сағ. 15:00. 1 корпус, 5 аудитория

Ұйымдастырушы: Тілдер кафедрасы. Аға оқытушылар Мырзахмет М.Ж.

Джамалдинова М.Т.

 

2026 жылдың 25 қыркүйегінде Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Тілдер мерекесіне арналған апталық аясында «Language and Culture Fair» атты интерактивті іс-шара өтеді. Университеттің Тілдер кафедрасының бастамасымен өтетін бұл шара дәстүрлі форматтан өзгеше ұйымдастырылып, студенттердің тілдік және мәдени құзыреттілігін арттыруға бағытталған заманауи интерактивті алаңға айналмақ.

 

Іс-шараның басты мақсаты —тіл үйренуді насихаттау, әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүрін таныту және жастардың шығармашылық әлеуетін ашу.

 

Іс-шараның негізгі бағдарламасында:

Креативті постерлер ұсыну: Студенттер өз қолдарымен дайындаған постерлерін қорғайды. Онда әлем елдерінің (соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ және т.б.) мемлекеттік символдары, ерекше дәстүрлері, көрікті жерлері, атақты тұлғалары және ел туралы қызықты фактілер интерактивті түрде көрсетіледі.

Зияткерлік цифрлық квиздер: Қатысушылар Kahoot және Quizizz платформалары арқылы әлем тілдері мен мәдениеттеріне қатысты тартысты интеллектуалды жарысқа түседі.

Аталған іс-шара студенттерге тілді мәдени контексте, тірі қарым-қатынас пен ойын форматында сезінуге мүмкіндік береді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник