«Алихан Бөкейханов – Алаш идеясының көшбасшысы» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті.
27 сәуір 2026 жыл
Алматы қаласы
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына орай «Әлихан Бөкейханов – Алаш идеясының көшбасшысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушылары Сәрсенбаев А.Б., Қожабекова А.Д., Оспанов Е.Б. бастамасымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметін, оның қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы рөлін және Алаш идеясының тарихи маңызын кеңінен насихаттау.
Шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсенді қатысты. Сонымен қатар, арнайы қонақ ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Хасанаева Лейла Маралқызы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Хасанаева Лейла Маралқызы мазмұнды баяндама жасап, Әлихан Бөкейхановтың тарихи тұлғасы, оның ұлттық идеяны қалыптастырудағы қызметі және Алаш қозғалысының маңызы туралы жан-жақты тоқталды. Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, еркін пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және Алаш мұрасын терең түсінуге бағытталды.


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)