ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

"АТАМЕКЕН- ТУҒАН ЖЕР" ЖОБАСЫ

      Жаһандану жағдайында ұлтымыздың жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Әрбір жас өзінің туып-өскен аймағында тарихтан қалған қандай ескерткіштер, жәдігерлер барын, олардың мән- маңызын білгенде ғана туған өлке тарихын білуге, құрметтеуге деген сезімі оянады. Туған жеріне, ата-анасына, ұлтына деген ыстық ықыласы Отансүйгіштікке ұласса ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Ғасырлар қойнауында атадан балаға мұра болып келе жатқан ел тарихын, шежіресін сіңіру аға ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болуы тиіс.

      Осы бағытта ҚазҰАЗУ «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының «Қазақстан тарихы» пәнінің профессор-оқытушылары жыл сайын дәстүрлі  «Туған жер» жобасын 1-курс студенттері арасында насихаттау аясында, "Атамекен - Туған жер " атты жобаға байқау жариялады.

Жобаның мақсаты

  • Студенттердің туған жер тарихына, табиғатына, мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру.
  • Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, елжандылық сезімін күшейту.
  • Жергілікті тарихи орындарды, табиғи нысандарды зерттеу және сақтау.
  • Әлеуметтік белсенді, жауапкершілігі жоғары азамат қалыптастыру.

 Міндеттері

  • Туған өлкенің тарихын зерттеу бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Жергілікті мәдениет қайраткерлерімен, еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізу.
  • Туған жер туралы шығармашылық жұмыстар ( бейнеролик)  жасау.

 Жобаның негізгі бағыты.  Туған өлке тарихын зерттеу (ежелгі ескерткіштер, батырлар тарихы, елді мекен атаулары). Музейлерге, тарихи орындарға саяхаттар.“Туған жер тұлғалары” – белгілі жерлестер туралы деректер жинау.

Жоба шарты бойынша студент туған өлкесі туралы бейнесюжет түсіру керек болатын. Жоба байқауы 2-турдан тұрды. 1-тур бойынша оқытушылар құрамынан құралған әділ-қазылар алқасы 30 қараша 2025 жылға дейін келіп түскен бейнесюжеттердің үздік дегендерін таңдап алды. Жалпы 1-турға университет бойынша 200- ден аса студент қатысты, 2-турда 1-2  желтоқсан 2025 жыл таңдап алынған 18 студенттің бейнесюжеттері әлеуметтік желілер арқылы таратылып ең көп "лайк" пен «пікір» жинаған студенттер жеңімпаз атанады. 1,2,3 дәрежелі номинацияларды иеленген студенттерге арнайы дипломдармен қатар ынталандыру сыйлықтары беріледі. Үздік қатысушыларға сертификаттар берілді.

«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а.  Ахантаева Ә.Ж.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник