KazNARU Ыстамбулдағы Halal Expo-2025 халықаралық көрмесінде инновациялық мультидақылды Ai-Kun макарон өнімін таныстырды
✅ 2025 жылғы 26 қарашада Ыстамбул қаласында түрлі елдердің өндірушілерін, ғалымдарын және бизнес өкілдерін бір алаңда тоғыстырған Halal Expo-2025 халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.
✅ Осы халықаралық алаңда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» ғылыми-зерттеу орталығында әзірленген Ai-Kun сауда маркасымен мультидақылды макарон өнімдерін ұсынуда.
✅ Аталған өнімнің авторлары: т.ғ.д., профессор Оспанов Әбдіманап Әбубәкірұлы, т.ғ.к., профессор Тимурбекова Айгүл Құлахметқызы және PhD Жалелов Дулат Бейбітұлы. Өнім дәстүрлі емес көп дәнді шикізатты пайдалану негізінде жасалып, салауатты әрі функционалдық тамақтанудың заманауи қағидаттарына сай келеді.
✅ Қазіргі уақытта Ai-Kun макарон өнімдеріне Түркияның беделді Gimdes ұйымында Halal сертификатын алу рәсімі жүргізілуде. Бұл қадам өнімді халықаралық нарыққа шығару және тұтынушылар сенімін арттыру үшін маңызды кезең болып табылады.
✅ Halal Expo-2025 көрмесіне қатысу ҚазҰАЗУ үшін кәсіби байланыстарды кеңейтуге, жаңа серіктестер табуға, қазақстандық ғалымдар мен өндірушілердің әзірлемелерін беделді халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай көрмелер отандық брендтердің дамуына, экспорттық әлеуеттің артуына және тамақ өнеркәсібі саласында қуатты ғылыми-технологиялық базасы бар мемлекет ретінде Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға өз үлесін қосады.
✅ Ерекше ризашылығымызды «Bal Halal» ЖШС-не және компанияның атқарушы директоры Тәжібаева Римма Данабайқызына білдіреміз. Отандық ғылыми әзірлемелерді ілгерілетуге бағытталған оның бастамашылдығы, қолдауы мен шынайы қызығушылығының арқасында ҚазҰАЗУ-ның мұндай маңызды халықаралық іс-шараға қатысуы мүмкін болды.


.jpeg)



.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)