KazNARU

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясына арналған байқау

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Қазақстан студенттері арасында ай сайынғы жеке стипендиялар тағайындау үшін жыл сайынғы байқау жариялады.

Байқауға келесі студенттер қатыса алады:

  • оқу орнының кемінде екі курсынан сәтті өткендер;
  • әр оқу жылы бойынша үздік академиялық үлгерімі барлар;
  • қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысатындар;
  • республикалық және халықаралық фестивальдер мен байқауларда жетістіктері барлар (әсіресе "Өнер және мәдениет" бағытындағы оқу орындарының студенттері үшін).

Байқауға барлық талаптарға сай келетін және ақылы, тегін негізде оқитын студенттер тең дәрежеде қатыса алады.
Қор стипендиялары жеке тағайындалады және бір оқу жылына (екі семестрге) есептеледі, ай сайын төленеді (маусым, шілде, тамыз айларын қоспағанда).

Байқау мерзімі: 2025 жылғы 5 маусымнан 15 қыркүйекке дейін.
Құжаттарды жіберу мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Мүсабаев көшесі, 12 (Аскаров көшесі, 12).

Анықтама үшін байланыс:

  • ЖОО студенттері үшін: +7 727 339 65 38, roza@fnn.kz (Едиегеева Роза Макашевна)
  • "Өнер және мәдениет" бағыты бойынша: +7 727 339 65 40, tismailov@fnn.kz (Исмаилов Тимур Муратович)
---------Chatbot---------
виртуальный помощник