KazNARU TIMES HIGHER EDUCATION ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2026 РЕЙТИНГІНДЕ 801+ САНАТЫНА ЕНДІ

2025 жылы KazNARU өз тарихында тұңғыш рет Times Higher Education World University Rankings 2026 беделді рейтингіне алғаш рет кіріп, тарихи жетістікке жетті. Университет бірден 1500+ санатына енгізіліп, осы құрметке ие болған Қазақстанның үздік 5 жоғары оқу орнының бірі атанды.
Ал 2026 жылы Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында KazNARU Times Higher Education Asia University Rankings беделді рейтингінде 801+ санатына еніп, халықаралық деңгейдегі жетістікке қол жеткізді.
Аталған рейтинг Азия құрлығындағы жетекші жоғары оқу орындарының білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу қызметі, білім тарату деңгейі, халықаралық ынтымақтастық және өндірістен түскен табыс секілді негізгі көрсеткіштер бойынша жан-жақты бағалау нәтижесінде қалыптасты. Осы өлшемдер университеттердің академиялық беделі мен жаһандық ықпалын айқындауда шешуші рөл атқарады.
KazNARU-дың бұл рейтингке енуі – университеттің ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту, инновациялық білім беру жүйесін жетілдіру және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету бағытындағы жүйелі еңбегінің айқын дәлелі. Білім ордасы халықаралық әріптестікті кеңейтіп, ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту арқылы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.
Бұл жетістік – университеттің профессор-оқытушылар құрамы, зерттеушілері, білім алушылары және серіктестерінің ортақ еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар, KazNARU-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болуға бағытталған стратегиялық даму жолының маңызды көрсеткіші болып табылады.
KazNARU ұжымы мен студенттерін осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз және олардың еңбегіне алғыс білдіреміз!KazNARU Баспасөз қызметі