KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ҚАЛАЛЫҚ «SANAQ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен және «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында өткен «SanaQ» зияткерлік ойынында KazNARU студенттері бас жүлдені жеңіп алды!

Алматы қаласының ең білімді, ең алғыр студенттерін анықтауға бағытталған бұл зияткерлік додаға іріктеу кезеңінде қаланың 16 жоғары оқу орнының құрама командалары қатысты.

Тартысты өткен кезең қорытындысы бойынша финалға тек үздік төрт команда (М.Тынышпаев атындағы ALT университеті; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) жолдама алған болатын.
Бүгін, ALT университетінде өткен финалда университетіміздің намысын қорғаған «Prime time» командасы өздерінің білімділігі мен тапқырлығын дәлелдеп, І дәрежелі дипломмен және 400 000 теңге көлеміндегі қаржылай сертификатпен марапатталды.

Команда құрамында болған Таңатар Нұргүл («Орман шаруашылығы мен жер ресурстары» факультеті) және Багамшыбаева Акерке, Шаим Абдулматин Башир, Асан Нұрасылды («Ветеринария» факультеті) жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерге жетулеріне тілектеспіз!
Алға, KazNARU жастары! Жеңіс құтты болсын!
KazNARU Баспасөз қызметі






