KazNARU АГРАРЛЫҚ СЕКТОР ҮШІН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАҢАРТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ТАЛҚЫЛАУ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ
2026 жылдың 28 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Салалық жаңа кәсіптер мен құзыреттер атластары, кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталары негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту» тақырыбында ашық әдіснамалық семинар өтті. «Қазақ Ұлтық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ жанындағы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқі әдістемелік бірлестігі Республикалық оқу әдістемелік кеңесі аясында жүргізілді.
Семинарда агроөнеркәсіптік кешені мамандарының біліктілігін арттыру, еңбек нарығының трансформациясын көрсететін білім беру бағдарламаларын жаңарту, «Жаңа кәсіптер атластарын» енгізу, мамандарға өңірлік сұранысты талдау мәселелері талқыланды.

Іс-шара «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасы - Ректордың Бірінші орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы төрағалығымен өтті.

Семинар жұмысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының» «Мамандығым - болашағым» жобасы өкілдері, Адам ресурстарын дамыту орталығы мен Қазақ ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы өкілдері және «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» кадрларды даярлау бағыттары бойынша ОӘБ РОӘК мүшелері, университетіміздің академиялық комитет мүшелері мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қатысты.
.jpeg)
Семинар аясында эксперттік баяндама жасағандар:
ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның бас эксперті Насырханова Бакыт Кайргазиновна, 2026–2030 жылдарға арналған аграрлық сектордың кадрларға қажеттілігінің болжамын ұсынды және аграрлық университеттердегі білім беру бағдарламаларын жаңартудың негізгі бағыттарын белгіледі.

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі кадрлық олқылық мәселесіне тоқталып, «Жаңа кәсіптер атласы» мен кадрлар қажеттілігінің өңірлік карталары негізінде білім беру бағдарламаларын жаңартудағы университет әдісімен таныстырды.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ -ның салалық біліктілік жүйесін үйлестіру департаментінің бас сарапшысы Свердлова Елена Александровна еңбек нарығының трансформациясы жағдайында Ұлттық біліктілік жүйесінің рөлін айқындады.
.jpeg)
«Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының» «Мамандығым - болашағым» жобасы жетекшісі Сакенов Олжас Берлесович «Жаңа Қазақстан» үшін жаңа мамандықтар және Жаңа мамандықтар атласы негізінде кадрлардың біліктілігін арттыру қажеттілігі туралы баяндама жасады.
.jpeg)
«Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының» «Мамандығым - болашағым» жобасы эксперті Скиба Марина Александровна саладағы болашақ ауыл шаруашылығы саласының кәсіптерін және аймақтық Жаңа кәсіптер атластарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жобалау және жаңарту тәсілдерін ұсынды.

Семинардың практикалық бөлімінде білім беру бағдарламаларымен қолданбалы жұмыстарға көңіл бөлінді. Қатысушылар жаңа білім беру бағдарламаларының атауларын таңдау, олардың техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарының мақсаттарын айқындау, білім беру үдерісіне жаңартылған бағдарламаларды енгізу тетіктерін талқылады.
Семинар тәжірибе алмасуға, келісілген шешімдерді әзірлеуге және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың стратегиялық міндеттеріне жауап беретін заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеуге арналған маңызды сараптама алаңына айналды.