В KazNARU завершилась аккредитация внешней экспертной комиссии IAAR.
2025 жылдың 5 – 7 қараша аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) Сыртқы сараптау комиссиясының (ВЭК) қатысуымен 24 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу сараптамасы болып өтті.
Сараптау комиссиясының мақсаты – білім беру ұйымдарында мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу негізінде білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және рейтингтік зерттеулер жүргізу.
IAAR-да аккредиттелген барлық білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеу мәртебесіне ие болады.
Жұмыс барысында IAAR сыртқы сараптау комиссиясы мүшелерінің KazNARU басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушыларымен кездесулері болып өтті.
Аудиторияларды, зертханалар мен практика базаларын көзбен шолып тексеру жүргізілді, аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының құжаттары зерделенді.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде зерделенген 24 білім беру бағдарламасы бойынша аккредиттеу нәтижелерін Аккредитациялау Кеңесі таяу арада жариялайтын болады.
KazNARU Баспасөз қызметі



