KazNARU

ҚазҰАЗУ мен DUTCH FRUIT SOLUTIONS KAZAKHSTAN (НИДЕРЛАНДЫ) КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

2023 жылғы 14 наурызда ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы - Ректор, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев Нидерланды Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Фредерик Воссенаар бастаған делегациямен кездесті.

Кездесуге Азат Сұлтанов – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры, Шыңғыс Қанапьянов – Нидерландының Алматыдағы Құрметті консулы, Альфредо Эверс – DFSK (Нидерланды Корольдігі) үйлестірушісі, Барт Обер – Heijmul компаниясының өкілі, Жанна Матвиенко – Fall Creek компаниясының өкілі, Арсен Рысдаулетов – DFSK менеджері, Анастасия Рябуха – Қазақстандағы Нидерланды елшілігінің өкілі қатысты. Сондай-ақ ҚазҰАЗУ басшылығы мен ғалымдары қатысып отырды.

Кездесу барысында ҚазҰАЗУ мен DFSK компаниясы арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті тақырыптары мен перспективалары, атап айтқанда студенттер, магистранттар мен докторанттар өндірістік және зерттеу практикасынан өтетін "Демонстрациялық бақ" бірлескен жобасын іске асыру бойынша мәселелер талқыланды.

Университет басшысы Ақылбек Қажығұлов Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жеміс-көкөніс шаруашылығы бойынша мамандар даярлайтын Қазақстандағы жетекші ЖОО болып табылатынын және әлемнің озық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарымен бірлесе жаңа білім, технологиялар трансферті негізінде үздік тәжірибелерді енгізуді жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Біз Нидерландық DFSK компаниясының серіктес ретінде 2020 жылдан бастап «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығында жеміс-жидек дақылдарының демонстрациялық учаскесін құру бойынша қолдау көрсеткеніне алғыс айтамыз. "Интенсивті бақ" Қазақстан-Нидерланды орталығы жеміс-жидек дақылдарының жаңа сорттарын өсіру технологияларын пайдалана отырып, еліміздің табиғатына бейімдейтін заманауи инновацияларды көрсету алаңы болып табылады. Бұл Орталық сонымен қатар, Қазақстан фермерлеріне Нидерланд технологиясы бойынша бақша жемістерін отырғызу, басқару және күтіп-баптауды үйрету бағытында нақты көмектер көрсетеді", - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.

Өз кезегінде DFSK үйлестірушісі Альфредо Эверс: "Біз ынтымақтастықты одан ары дамыту мүмкіндігін талқылау үшін арнайы сапармен келдік. ҚазҰАЗУ Орталық Азия елдерінде аграрлық білім берудің флагманы болып саналатынын жақсы білеміз. Бізді сіздердің инновациялық және технологиялық жетістіктер, оның ішінде факультеттер, кафедралар, ҒЗИ, халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар кіретін ғылыми ресурстың жүйелі ғылыми-білім беру кластерлері қызықтырды. Осының бәрін ескере отырып, біз сіздердің университетпен

ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге және ғылыми-зерттеу саласында тәжірибе алмасуға дайынбыз», - дей отырып, өз ұсыныстарын білдірді.

Кездесу нәтижесі бойынша "Бірлескен қызмет туралы шартты" тағы 5 жылға ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Құжат төмендегідей бағыттарды қамтиды:

- өзара ғылыми іс-қимыл, бірлескен зерттеулерді жаңа деңгейге көтеру;

- білім тарату жүйесін дамыту, фермерлерді оқыту, бизнеспен өзара іс-қимыл аясын кеңейту;

- білім беру және әдіснамалық жұмыстар, ғылыми жобаларға байланысты тәжірибелер, ақпараттармен бөлісу;

- сондай-ақ студенттермен алмасу, қос диплом бағдарламаларын дамыту, шеберлік сыныптарын өткізу, бірлескен ғылыми конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және т.б. салаларды дамыту.

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі.

Фото М.Ботабеков