KazNARU

KazNARU: АПТА АЙШЫҚТАРЫ – КӘСІБИ БАҒДАР

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері белгіленген кестеге сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында болып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жалғастыруда.

✅ Басты мақсат – KazNARU факультеттерінің ерекшеліктерін насихаттау арқылы мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу.

✅ Атап айтқанда, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының аға оқытушылары Ш.Арзиев, А.Қуанышев, У.Жамалбеков, Я.Манапов, Б.Өтепов, оқытушылар Жадыра Қоспагарова, Шынғысхан Нұрғаш, Мұрат Нокишев бекітілген кестеге сай Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің ҰБТ орталығында;

✅ «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасынан қауым. профессор Гүлнұр Кузембекова, қауым. профессор Зубайра Кожахметова, «Ветеринариялық санитария» кафедрасының меңгерушісі Мереке Токаева, «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Жанат Бименова, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры Дамир Хусаинов бекітілген кестеге сай Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында орналасқан Әлжан Бұқарбайқызы атындағы мектепетгі Аймақтық тестілеу орталығында;

✅ «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының маманы Нұргүл Абдиғалиева Алматы облысы Есік қаласындағы Аймақтық тестілеу орталығында;

✅ «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының профессоры Тастанбек Атакоұлов Түркістан облысы Мақтаарал ауданында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

✅ Кездесулер барысында түлектерге жоғары білім алудың маңыздылығы, KazNARU базасындағы жаңаша білім беру бағдарламаларының ауқымы, әскери кафедрада оқу ережесі, жайлы жатақханада тұру мен екі дипломға ие болу мүмкіндіктері туралы ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.

✅ Еске сала кетейік, талапкерлердің негізгі ҰБТ тапсыруы 7 шілдеге дейін өтеді. Қазіргі уақытқа дейін 326 мың рет тест тапсырылды.

✅ Оның ішінде:

✔талапкерлердің 72%-ы шекті балл жинады;

✔орташа балл – 67 балл (бес пән бойынша);

✔ең жоғары балл – 140 балл;

✔ерекше білім беру қажеттілігі бар 657 талапкер қатысты.

✅ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯсының Call center телефондары:

+7 747 2640854

⁠+7 705 4018575

⁠+7 708 9862390

+7 776 0434027

+7 707 9641276

+7 778 1858623

✅ Кәсіби бағдар беру жұмыстары одан ары жалғасуда.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник