KazNARU

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ: KazNARU МАГИСТРАНТЫ ҚХР ХАРБИН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДОКТОРАНТЫ АТАНДЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының «7М09101-Ветеринариялық медицина» ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша білім алған Нәмет Бағлан Нұрланқызы жуырда магистратураны бітіріп, диплом алды. Жас зерттеуші Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (CAAS) құрамындағы Харбин ветеринариялық зерттеу институтына PhD бағдарламасына толық грант негізінде қабылданды.

✅ Ол университетте оқып жүріп, ғылыми зерттеулермен де үзбей айналысу арқылы шет елдік ғылыми қауымдастыққа жақсы танылды. Erasmus+ халықаралық бағдарламасы аясында Эстония жаратылыстану ғылымдары университетінде білім алып, халықаралық ғылыми ортада біліктілігін арттырды.

✅Бағлан Нұрланқызы биологиялық қауіпсіздік және вирусология саласының белгілі ғалымы, профессор Қайсар Табыновтың ғылыми жетекшілігімен жан-жақты ізденістер жүргізіп, вирусология, иммунология және вакцинология бағыттарында үлкен тәжірибе жинақтады.

✅ Оның PhD докторантура аясындағы ғылыми зерттеулері жылқының жұқпалы вирустық ауруларының диагностикасы және диагностикалық, вакцина құралдарын әзірлеу бағыттарын қамтиды. Ғылыми жетекшісі – ветеринариялық вирусология саласының жетекші маманы, профессор Ван Сяоцзюнь (Wang Xiaojun).

✅ KazNARU түлегінің бұл жетістігі – жас ғалымның ізденгіштігі мен кәсіби өсуге деген құлшынысының көрінісі ғана емес, сонымен бірге аграрлық саладағы қазақстандық жетекші университеттің халықаралық ғылым кеңістігінде өз биіктігін нығайтып келе жатқанынының айқын дәлелі.

✅ Осындай елеулі дәрежеге жетуге барлық жағдайды жасап, терең білім берген, ғылыми қолдау көрсеткен KazNARU басшылығына жас ғалым өз ризашылығын білдіреді.

✅ Харбин ветеринариялық зерттеу институтының докторанты атанған Бағлан Нұрланқызын құттықтай отырып, оған алдағы ғылым жолында сәттілік тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник