KazNARU

KazNARU МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАПСЫРЫЛДЫ

2025 жылғы 5 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің акт залында оқу орнының басшылығы, декандар мен профессор-оқытушылар, ата-аналар мен түлектердің қатысуымен магистратура түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табысталды.

✅ Мерекелік іс-шараны ашқан KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов басшылықтың атынан құттықтай отырып, заманауи білім беру бағдарламалар мен ғылыми жобалар аясында оқып, ғылым магистрі академиялық дәрежесін алған түлектерге сәт сапар тіледі.

✅ «Биыл университетімз QS рейтингісінде Қазақстандық ТОП-5-ке енді. Үш негізгі көрсеткіш бойынша әлемнің 500 жетекші университеті қатарынан көрінді. Сондай-ақ, «IQAA – Ranking» Ұлттық рейтингісі бойынша еліміздегі техникалық ЖОО арасында көш бастады. Бұл көрсеткіштер жоғары білім беру сапасы мен білікті кадрлар даярлаудың биік дәрежеде жүргізілетінін тағы да растайды. Магистратура – бұл үш деңгейлі жоғары білім беру жүйесінің екінші деңгейіне саналады, әрі кең және тереңірек білім алған білікті мамандарды тәрбиелеп шығарады. Сіздер осында алған білімідеріңізді өмірде жүзеге асыра отырып, жетістікке жете алатындарыңызға сенімдімін. Жаңа Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Алдағы асуларыңыз бен жолдарыңыз жарқын болсын!», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Биылғы 2024-2025 оқу жылында KazNARU-ды 1368 білім алушы бітіргелі отыр, оның ішінде 1225 студент, 98 магистрант және 45 докторант бар.

✅ Акт залындағы салтанат төрінде KazNARU Ғылым департаментінің директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ахметжан Сұлтанов, «ТИАШМИИ» ҰЗУ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурахим Бердышев, декандар және ұстаздар мен ата-аналар құттықтап, жас мамандарға ақ тілектерін білдірді.

✅ «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасының магистранты Бағылан Нәмет сөз сөйлеп, KazNARU басшылығы мен оқытушыларына сапалы білім мен лайықты тәрбие бергендері үшін бітіруші түлектер атынан зор алғыстарын білдірді. Айта кетейік, Бағылан Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Эстония жаратылыстану ғылымдары университетінде білім алған магистрант. Жас ғалымдардың халықаралық форумында үздік ғылыми баяндамасымен көзге түскен ол жуырда Қытайдағы Харбин ветеринариялық зерттеу институтына PhD бағдарламасына толық грант негізінде қабылданды.

✅ Университеттегі үздік оқуымен, тамаша ғылыми ізденістерімен ерекшеленген, білім ордамыздың қоғамдық-мәдени шараларына белсене қатысқан бірқатар магистранттарға Басқарма Төрағасы - Ректор Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының атынан арнайы Алғыс хаттар тапсырылды.

✅ Магистр атанған жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз және өмірде алға қойған мақсаттарына жете берулеріне тілектеспііз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник