«Жеміс, көкөністерді сақтау және өңдеу технологиясы» пәні – жемістер мен көкөністерді сақтаудың биологиялық негіздерін, уақытша және тұрақты сақтау қоймаларын, реттелетін атмосферасы бар тоңазытқыш құрылғыларың зерттейді. Жемістер мен көкөністердің әртүрлі түрлерін сақтау ерекшеліктері, сақтау кезінде жемістер мен көкөністердің бұзылу себептері және оларды шешу жолдары зерттелген. Консервіленген жемістердің, жидектер мен көкөністердің әртүрлі түрлерін өңдеу және өндіру технологиясының жалпы мәселелері қарастырылады. Өңдеуге арналған шикізаттың сапасына ерекше назар аударылған.