Дендрология - ағаш және бұталы өсімдіктер мен олардың құрылымдарын зерттейтін ғылым. Студенттер ағаштардың түрлерін жапырақтары бар кезінде, жапырақсыз күйінде, гүлдері, жемістері, тұқымдары мен өскіндері бойынша еркін айыра білулері қажет. Түрлік құрамы және сапасы жоғары орманның тез өсуін қамтамасыз ететін әртүрлі орманшаруашылық іс-шараларды жүргізу үшін, ағаш өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерін және олардың сыртқы ортаға әсерін білу қажет.
Ағаш өсімдіктерінің түрлілік заңдылықтарын түсіну үшін олардың филогенетикалық жүйеленуін білуі тиіс. Өсімдіктер әлемінің негізгі эволюциялық кезеңдері. Қазақстандағы дендрологияның дамуының қысқаша тарихы. Дендрологияның негізгі бөлімдері. Өсімдіктердің биосферадағы және адам тіршілігіндегі ролі.