ҚазҰАЗУ-де «Intellectum Start!» интеллектуалдық стартап-жобалар байқауы өтті!

ҚазҰАЗУ-де «Intellectum Start!» интеллектуалдық стартап-жобалар байқауы өтті!

2026 жылғы 9–18 қараша аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) Ветеринария және зооинженерия факультетінің 1-курс студенттері арасында «Intellectum Start!» интеллектуалдық стартап-жобалар байқауы өтті. Байқауды Тілдер кафедрасының аға оқытушысы Нұрмаханова Ж.М. ұйымдастырды.
Жобаның философиялық негізі ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының мұрасы мен «Толық адам» концепциясы болды. Бұл концепция ақыл, қайрат және жүректің үйлесімділігін дәріптейді. Абайдың білімге ұмтылу, адал еңбек, әділдік пен адамгершілік туралы идеялары студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, сыни және креативті ойлауын, коммуникациялық дағдыларын, командалық жұмыс пен кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға бағытталған байқаудың мақсаттарымен үндесті.
Қатысушылар стартап идеяларын ұсынып, инновациялық көзқарастарын, өзекті мәселелерді шешу қабілеттерін және идеяларын жүзеге асыруға деген ұмтылыстарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар:

🥇 1 орын — Шайзади Сафира, ВЕТ-26-22К тобы;
🥈 2 орын — Жұмағали Мариям, МШАТ-26-07К тобы;
🥉 3 орын — Оразбай Жансая, Вет-26-13К тобы.
Арнайы номинациялар бойынша Дінбаян Асанәлі, Конурова Арабелла және Бекмахамбет Ернат грамоталармен марапатталды. Студенттер «Ең үздік идея», «Көрермен көзайымы», «Үздік командалық жұмыс», «Үздік презентация», «Ең сенімді сөз сөйлеу» және «Үздік бейнеролик» номинацияларында марапаттарға ие болды.
Қазылар алқасының төрайымы — Тілдер кафедрасының оқытушысы Бердышева Г.А.
Байқау студенттердің таланттарын ашуға, идеялармен алмасуға және белсенді, шығармашыл әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Intellectum Start! — Идеялардың туындалып, инновациялар жасалып, жаңа мүмкіндіктердің ашылуына үлкен мүмкіндіктер!
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер, батыл идеялар және жобаларыңыздың сәтті жүзеге асуын тілейміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник