Танымдық экскурсия

Танымдық экскурсия

МШ-26-02К тобының студенттері топ кураторы, «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жумагалиева Гулшад Махамбетовнаның жетекшілігімен «Ғылым ордасы» ғимаратында орналасқан Археология музейіне танымдық экскурсиямен барды.

Экскурсияның негізгі мақсаты – білім алушыларды Қазақстанның ежелгі тарихымен, археологиялық мұраларымен және ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ таныстыру.

Экскурсия барысында студенттер музей қорындағы көне дәуірлерден сыр шертетін құнды жәдігерлерді, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдарды, ежелгі еңбек құралдарын, қару-жарақтарды, қыш ыдыстар мен әшекейлерді тамашалады.

«Ғылым ордасындағы» Археология музейіне жасалған бұл саяхат МШ-26-02К тобының студенттеріне ерекше әсер сыйлады. Танымдық экскурсия білім алушылардың тарих пен ғылымға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға және таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник