KazNARU ІІ СЯНШАНЬ ФОРУМЫНДА АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

KazNARU ІІ СЯНШАНЬ ФОРУМЫНДА АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

KazNARU Бейжіңде өткен ІІ Сяншань цифрлық білім беру форумында аграрлық ғылым саласындағы жетістіктері мен қытайлық серіктестермен ынтымақтастық тәжірибесін таныстырды. Халықаралық жиында университеттің цифрлық офицері Ерболат Каламан мен Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры Әшірәлі Сманов баяндама жасап, Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-білім беру әріптестігін дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Қазақстан мен Қытайдың аграрлық ғылым саласындағы стратегиялық әріптестігі» тақырыбындағы баяндамада KazNARU-дың Қытайдағы 60-тан астам жоғары оқу орнымен, ғылыми ұйыммен және компаниямен ынтымақтастығы атап өтілді. Олардың қатарында Қытай ауыл шаруашылығы университеті, Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті, Ланьчжоу университеті және Чжэцзян технологиялық университеті бар. Негізгі назар Қытайдың озық цифрлық технологияларын Қазақстанның аграрлық әлеуетімен ұштастыруға аударылды.

Қытайға жұмыс сапары барысында KazNARU өкілдері елдің жетекші ғылыми-білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ China (Shenzhen) Education Enterprise компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, заманауи білім беру технологияларымен танысты.

Кездесулерде KazNARU оқытушылары мен қызметкерлері үшін Қытайда тағылымдамалар ұйымдастыруға басымдық берілді. Атап айтқанда, қытай тілін меңгеру, жасанды интеллектіні оқу үдерісінде тиімді қолдану және озық білім беру тәжірибесін игеру мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ Ланьчжоу университеті, Қытай ауыл шаруашылығы университеті және өзге де ғылыми орталықтармен бірлескен жобаларды дамыту жолдары қарастырылды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник