KazNARU-да KAZLOGISTICS ЖАСТАР ФОРУМЫНЫҢ СПОРТТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
2026 жылғы 28–29 қазанда Алматыда өткен IV KAZLOGISTICS жас көлікшілер форумы көлік-логистика саласының өкілдерін, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін біріктірді.
Қазақстан көлік қызметкерлері одағының бастамасымен ұйымдастырылған форум биыл «Көлікті цифрлық трансформациялау: болашақ көлігін құру» тақырыбына арналды. ALT University мен KazNARU базасында өткен екі күндік бағдарлама кәсіби тәжірибе алмасуды, шығармашылық және зияткерлік сайыстарды, спорттық жарыстарды қамтыды.
KazNARU алаңында қатысушылар волейбол, шағын футбол, шахмат және үстел теннисінен бақ сынады. Университет құрамасының дайындығы мен қатысуына Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы мен И.В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасы бірлесе атсалысты.
Жарыс қорытындысында KazNARU командасы үстел теннисінен ІІ, волейболдан ІІІ орын иеленді. Инженерлік технологиялар факультетінің «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Қайсар Өмірзақ волейболдан «Ең үздік ойыншы» атанды.
Форумның ALT University-де өткен бөлімінде студенттер шығармашылық таныстыру, зияткерлік ойын және көлік саласына арналған deBATLE пікірсайысына қатысты. И.В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының студенттері кәсіби білімін, сыни және талдамалық ойлау қабілетін көрсетіп, өз ұстанымдарын дәлелді қорғады.
Спорттық және зияткерлік сайыстардың жиынтық нәтижесі бойынша KazNARU құрамасы жалпыкомандалық ІІІ орынға ие болды.
Форум университет студенттері үшін кәсіби білім мен командалық дағдыларды ұштастырып, көлік-логистика саласының өкілдерімен тәжірибе алмасуға жол ашты.