«Алтын қақпа» зияткерлік сайысы өтті

«Алтын қақпа» зияткерлік сайысы өтті

2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл - халықтың жүрегі, ұлттың тірегі» атты онкүндігі аясында «Тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Алтын қақпа» зияткерлік сайысы өтті.

Байқауға университеттің 1-курс студенттерінен құралған 3 топ қатысты. «Алтын қақпа» зияткерлік байқауы 4 кезеңнен тұрды. Байқау барысында қатысушылар «Темір қақпа», «Қола қақпа», «Күміс қақпа» және «Алтын қақпа» кезеңдерінен өтіп, өздерінің білімдерін, ой ұшқырлығын, тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр кезең мазмұны жағынан ерекшеленіп, студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға бағытталды.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын - «Алдаспан» тобы;

        ІІ орын - «Шаңырақ» тобы;

ІІІ орын - «Жалын» тобы;

Байқау соңында белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар мен дипломдар, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Қатысушылардың еңбегі мен белсенділігі жоғары бағаланып, олардың білімге, өнерге және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Байқауды «Тілдер» кафедрасының оқытушылары Акеғожаева Р.Н., Құрманаева А.Ж., Тимурова А.Т., ұйымдастырды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник