KazNARU-да ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

KazNARU-да ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде "Құрылтай:қоғамдық сенім және жауапкершілік" атты сайлау қорытындыларын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауының қорытындылары талқыланып, жаңа бірпалаталы Құрылтайдың қалыптасуы мен алдағы қызметіне қатысты өзекті мәселелер сөз болды.

Жиынды университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Асима Шанбайқызы Ералиева жүргізіп, дөңгелек үстелге факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында азаматтық жауапкершілік, келісім мен бірлік, сондай-ақ Құрылтайдың қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты нығайтудағы рөлі талқыланды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ксенжик Галина Николаевна, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қожабекова Ақмарал Дабыртайқызы және қауымдастырылған профессор Давлетова Гульмира Амангелдіқызы тақырып аясында баяндамалар жасады.

Сонымен қатар «Агробиология» факультетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Атақұлов Тастанбек Атақұлұлы өз пікірін білдіріп, азаматтық белсенділіктің маңызына тоқталды.

Пікірталас барысында қатысушылар сайлау нәтижелеріне сараптамалық баға беріп, жаңа Құрылтайдың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі жөнінде ой бөлісті.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник