KazNARU ТҮЛЕГІ ҮЗДІК ОҚУ ҮЛГЕРІМІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

KazNARU ТҮЛЕГІ ҮЗДІК ОҚУ ҮЛГЕРІМІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің түлегі Амангелді Жадыра Талғатқызы жоғары оқу орнындағы үздік оқу үлгерімінің нәтижесінде мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалды.

Жадыра Амангелді 2026 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұсынысы негізінде жас маман Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы әкімі аппаратының бас маманы лауазымына қабылданды. Бұл – жас маманның оқу жылдарындағы жоғары көрсеткіштері мен кәсіби даярлығының нақты нәтижесі.

Конкурссыз мемлекеттік қызметке орналасудың негізгі шарттарының бірі – жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жұмысқа орналасу және дипломдағы GPA көрсеткішінің кемінде 3,33 болуы. Сонымен қатар, түлектің мамандығы атқаратын лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет.

Конкурссыз тағайындау мүмкіндігі облыс орталығынан басқа аудандық және облыстық маңызы бар қалалардағы бірқатар мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға, сондай-ақ ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы басшы емес лауазымдарға қарастырылған.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы жас маман Амангелді Жадыра Талғатқызын мемлекеттік қызметтегі кәсіби жолына толағай табыс, жауапты қызметіне сәттілік және жаңа жетістіктер тілейді!

Ақпарат көзі: https://www.instagram.com/p/DccylPXISbu/?igsi=MXIxb2VubXpycG05ZQ%3D%3D

---------Chatbot---------
виртуальный помощник