KazNARU-да SAFE2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ

KazNARU-да SAFE2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Бүгін, 2026 жылғы 24 шілдеде, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Тұрақты ауыл шаруашылығы, азық-түлік және энергетика жөніндегі XII халықаралық конференция – SAFE2026 өтуде.

Конференцияның негізгі тақырыбы – «Тұрақтылықты белсендіру: орнықты жаһандық желі құру үшін ауыл шаруашылығын, азық-түлік, энергетикалық және экономикалық қауіпсіздікті интеграциялау».

Іс-шара Қазақстан, Индонезия, Малайзия, Филиппин, Таиланд, Тайвань, Пәкістан, Үндістан, Жапония және басқа да мемлекеттердің ғалымдарын, сарапшыларын, оқытушыларын, халықаралық ұйымдар мен университеттердің өкілдерін біріктірді.

Конференция аясында азық-түлік қауіпсіздігі, таза энергетика, орнықты теңіз және аграрлық экожүйелер, агробиоалуантүрлілік, климаттың өзгеруіне бейімделу, жасыл технологиялар мен инновациялар мәселелеріне арналған пленарлық және тақырыптық сессиялар өткізілуде. Сонымен қатар бағдарламада ынтымақтастық туралы меморандум жобаларын таныстыру рәсімі, секциялық отырыстар және халықаралық Product Innovation Competition Awards байқауының қорытындысын жариялау қарастырылған.

SAFE2026 ғылыми білім алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және жаһандық сын-қатерлерге ортақ шешімдер әзірлеуге арналған маңызды алаң болып табылады.

#KazNARU #SAFE2026 #SAFENetwork #ТұрақтыАуылШаруашылығы #АзықТүлікҚауіпсіздігі #ТазаЭнергетика #ХалықаралықЫнтымақтастық #Ғылым #Инновация #Алматы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник