1-курс студенттері «Алаяқтар» фильмін тамашалауға барды
2026 жылдың 15 мамырда ЖББП кафедрасының оқытушылары З. Ашимова, М. Есболова, Б. Тұрсынбаева және Н. Тауекелованың ұйымдастыруымен университеттің 1-курс студенттері «Алаяқтар» фильмін тамашалауға барды.
Іс-шараның басты мақсаты — жастардың құқықтық, қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи кибералаяқтықтың алдын алу және сақтық шараларын түсіндіру. Фильмде қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер — телефон және интернет алаяқтарының айла-тәсілдері мен олардың құрбаны болмау жолдары шынайы көрсетілген.
Киносеанстан кейін студенттер мен оқытушылар арасында танымдық пікірталас өтіп, қауіпсіздік ережелері талқыланды. Шара студенттерге мәдени демалыс сыйлап, олардың заңдық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыруда үлкен тәрбиелік мәнге ие болды және өз мақсатына толық жетті.
.jpeg)
.jpeg)
