Болашақ таңдау - жарқын болашақ кепілі: ҚазҰАЗУ мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар берді

Болашақ таңдау - жарқын болашақ кепілі: ҚазҰАЗУ мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар берді

Болашақ таңдау - жарқын болашақ кепілі: ҚазҰАЗУ мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар берді
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушылары Л.Б. Нурбаева,  Н.Б. Тәуекелова, З.И. Ашимовалар мектеп бітіруші түлектерге қолдау көрсету және мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында мектеп түлектеріне еліміздегі жетекші қара шаңырақтардың бірі - ҚазҰАЗУ-дың бай тарихы, заманауи білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері мен халықаралық байланыстары кеңінен таныстырылды.
Кездесудің басты мақсаты - жас ұрпаққа заман талабына сай сұранысқа ие аграрлық, инженерлік, экономикалық мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ саналы таңдау жасауға көмектесу.
Кездесу аясында оқушыларға келесі бағыттар бойынша ақпарат берілді:
•    Инновациялық білім: Университеттегі жаңа форматтағы мамандықтар мен қос дипломдық бағдарламалар;
•    Студенттік өмір: Жастардың ғылыммен, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жасалған қолайлы жағдайлар, заманауи жатақханалар мүмкіндіктері;
•    Гранттар мен жеңілдіктер: ҰБТ тапсыру ерекшеліктері, мемлекеттік гранттар туралы толық мәлімет;
•    Мансап мүмкіндігі: Университет бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары екендігі және отандық, халықаралық компаниялармен серіктестік байланыстар.
Шара барысында 11-сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдаудағы өзекті мәселелер төңірегінде тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ, болашақ талапкерлерге бағыт-бағдар беретін арнайы ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратылды.
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы түлектердің болашағына бей-жай қарамай, осындай маңызды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған ҚазҰАЗУ ұжымына шынайы ризашылықтарын білдірді.
ҚазҰАЗУ — сапалы білім мен табысты мансаптың басы! Болашақ көшбасшыларды біздің қатарымыздан көруге асықпыз!

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник