ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІ: ERASMUS+ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ESTONIAN UNIVERSITY OF LIFE SCIENCES ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

✅ Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2026 жылғы 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында университет Estonian University of Life Sciences оқытушылары - Анна Писпонен мен Индрек Ридалистені қарсы алды.
Сапар барысында шетелдік мамандар тағам өнеркәсібінің өзекті мәселелеріне арналған бірқатар дәрістер өткізді. Дәрістер университеттің студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары арасында үлкен қызығушылық тудырды.
✅ Докторантура мәселелері жөніндегі департаменттің жетекші маманы Диана Римм университеттің академиялық департамент директоры, магистратура және докторантура секторының жетекшісі, сондай-ақ халықаралық бөлім қызметкерлерімен бірқатар жұмыс кездесулерін ұйымдастырып, өткізді. Кездесулер барысында докторлық зерттеулерді зертханалық базамен ықпалдастыру, қолданбалы зерттеулерді дамыту және олардың саланың қажеттіліктеріне сәйкестігі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, шетелдік магистранттар мен докторанттарды тарту перспективалары қарастырылды.
✅ Бағдарлама аясында қонақтар Тағам технологиялары мен сапа бойынша ғылыми-білім беру инновациялық орталығын және Қазақстан-Жапон инновациялық орталығын аралап, университеттің заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты.
✅ Сонымен қатар, делегация Carlsberg Kazakhstan кәсіпорнында болды. Сапар барысында қатысушылар өндірістік үдерістермен танысып, тәжірибеге бағытталған зерттеулер саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
✅ Шетелдік оқытушылардың сапары университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға және академиялық байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосты.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник