ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2026 жылдың 27 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараны Ғылыми кітапхана қызметкерлері мен «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушылары бірлесіп өткізді.
Кештің құрметті қонағы ретінде аталған кафедраның ұстазы Оспанова Баянды Рамазанқызы қатысып, ақын шығармашылығының рухани құндылығы мен тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті.
Студенттердің Мұқағали поэзиясына деген ерекше құрметі мен ықыласын кафедраның жауапты оқытушысы Ахантаева Гүлазия Жағыпбарқызы әсерлі сөзбен жеткізді.
Дөңгелек үстелге «Ветеринария және зооинженерия», «Су ресурстары және IT технологиялары» факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. Әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған білім алушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның сөзіне жазылған әндерді орындады.
Шара мазмұнды, әсерлі әрі тағылымды форматта өтіп, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник