ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМДІ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

✅2026 жылдың 26 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасы бірлесе отырып, «Деструктивті діни ағымдар идеологиясының талауының алдын алу» атты студент жастар арасында арнайы дәріс өткізді.
Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм – әлемнің бірқатар елінде дертке айналған ең күрделі проблемалардың бірі. Кез-келген мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін мұндай діни негіздегі әртүрлі құқық бұзушылықтардың іс-әрекетіне, дін атын жамылған теріс пиғылды түрлі ағымдарға тосқауыл қою – тұтас қоғамның міндеті. Діни экстремизммен күресу – баршаның бірлескен күш-жігерін талап ететін ұзақ және күрделі процесс.
✅Іс-шараға Алматы қалаы Ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыы, философ Кудерина Айжан Нурхамитовна, Жастар ісі жөніндегі басқарманың студенттік омбудсмені Күзен Назерке Бексейтқызы, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Жастар ісі жөніндегі басқарма мамандары, академиялық топ кураторлары мен студент жастар қатысты.
✅ Кездесудің модераторы – ҚазҰАЗУ Жастар ісі жөніндегі басқарманың әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша жетекші маманы Максат Мұқатайұлы Иманбеков. Ол жастарға қоғамдағы жат көріністерді тану сауаттылығын қалыптастыру, деструктивті діни ағымдар мен экстремистік идеяларды таратушылардың ықпалына түсіп кетуден сақтану және олардың алдын алу жолдары туралы сөз қозғады. Одан кейін Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Айжан ханым өз сөзін ары қарай жалғастырып, жастарды сақтық шаралары мен деструктивті ағымдардан қорғану жолдары туралы кеңінен таныстырды.
✅«Деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу – қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Жат идеологиялардың ықпалы көбіне әлеуметтік-экономикалық қиындықтармен, ақпараттық кеңістіктегі ретсіз ағымдармен және жастардың діни сауатының төмендігімен байланысты. Сондықтан алдын алу шаралары тек шектеу немесе тыйым салумен шектелмей, кешенді түрде жүзеге асырылуы қажет. Әсіресе, жастар арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және сыни ойлау қабілетін дамыту аса маңызды», – деп атап өтті Айжан Нурхамитовна.
✅Бұдан кейін білім алушылардың назарына талқыланған тақырып бойынша презентациялар мен бейнероликтер ұсынылды. Сонымен қатар, лаңкестік әрекеттерді насихаттайтын аудио, бейнежазбалар мен мәтіндік ақпараттарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершілігі түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауаптар берілді.
✅Жастар ісі жөніндегі басқарманың бастығы Сманов Әшірәлі Жүсіпұлы іс-шараны қорытындылай келе, студент жастардың қауіпсіздігі мен рухани тұрақтылығын қамтамасыз ету – университеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
✅Ол өз сөзінде білім алушылардың діни сауаттылығын арттыруға, олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және кез келген деструктивті идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізді.
✅Іс-шара жастардың діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызын терең ұғынуына мүмкіндік берді.
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник