ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

XXIII ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СПАРТАКИАДА: ВОЛЕЙБОЛДАН ҰЛДАР ЖАРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2026 жылдың 2 ақпанынан бастап университеттің спорт кешенінде дәстүрлі XXIII факультетаралық спартакиада өтуде. Аталған ауқымды спорттық іс-шара студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және факультеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Спартакиада «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен өтуде. Байрақты бәсекеге әр факультеттен спорт түрлері бойынша бір құрама команда қатысып, медициналық тексеруден өткен, тиісті спорттық дайындығы бар 1–5 курс студенттері мен 1–2 курс магистранттары енгізілді. Барлық қатысушылар бірыңғай нөмірленген спорттық формада өнер көрсетуде.

🏐 Волейболдан ұлдар арасындағы жарыс қорытындысы (9–13 ақпан)

9–13 ақпан аралығында спартакиада аясында волейболдан ұлдар арасындағы тартысты ойындар өтті. Командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жанкүйерлерге әсерлі әрі қызықты матчтар сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 1-орын – Инженерлік-технологиялар факультеті
🥈 2-орын – Бизнес және құқық Жоғары мектебі
🥉 3-орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті
4️⃣ 4-орын – Ветеринария және Зооинженерия факультеті
5️⃣ 5-орын – Су ресурстары және IT технологиясы факультеті
6️⃣ 6-орын – Агробиология факультеті

Ойындар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылар командалық рух пен жеңіске деген жігерін айқын көрсетті. Жанкүйерлердің белсенді қолдауы жарыстың тартымдылығын арттыра түсті.

Айта кетейік, 3–7 ақпан күндері спартакиада аясында волейболдан қыздар арасындағы жарыстар да өткен болатын. Алты факультеттің командалары айналма жүйе бойынша өзара бақ сынасты. Жыл өткен сайын көрермендер санының артуы университетте жүйелі түрде өткізілетін спорттық жарыстардың жастарды жаппай спортқа баулудағы тиімділігін дәлелдейді.

Факультетаралық спартакиада студенттердің спорттық шеберлігін арттырып қана қоймай, олардың ұйымшылдығын нығайтып, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануына зор серпін береді.

🎉 Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Спартакиаданың алдағы кезеңдеріне сәттілік тілейміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник