KazNARU ПАЛУАНДАРЫНЫҢ СПОРТТАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ
2026 жылдың 25 қаңтарында жауынгерлік және спорттық самбодан өткен Алматы қаласының чемпионатында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің палуандары жоғары нәтиже көрсетіп, университет мерейін асқақтатты.
Аталған жарыста KazNARU құрамасы 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алып, тартысты бәсекеде үздіктер қатарынан көрінді. Жалпы чемпионатқа 165 палуан қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыста жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар:
Кабдракимов Жансанат ("Инженерлік-технологиялар" факультеті, АТТ-24-01) - 79 кг салмақ дәрежесінде І орын,
Рахметул Ерназ ("Орман шаруашылығы және жер ресурстары" факультеті, КД-25-23к) - 53 кг салмақта ІІІ орын,
Төлепберген Сұлтан ("Орман шаруашылығы және жер ресурстары" факультеті, АК-25-13К) - 93 кг салмақта ІІІ орын иеленді.
Бұл жетістік KazNARU студенттерінің спортқа деген табандылығы мен жүйелі дайындықтарының айқын дәлелі. Палуандарды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Нокишев Мурат Бидахметович мырзаға алғысымыз шексіз.
Университет спортшыларына алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!
.jpg)

.jpg)
