KazNARU «ДЕНСАУЛЫҚ-2026» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін 2026 жылдың 5–14 қаңтар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында өткізілген «Денсаулық-2026» спартакиадасының салтанатты жабылуы болып өтті.
Спорттың 9 түрінен өткізілген Спартакиадаға қатысушылар мен жеңімпаздарды университет басшылығы атынан Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов құттықтады.
Кез келген елдің болашағы – денсаулығы мықты ұлтқа байланысты. Үнемі спортпен шұғылданатын, салауатты өмір салтын ұстанатын адамның қоғамға, қоршаған ортаға тигізер пайдасы мол болмақ. Бұл тұрғыда осы ұстаныммен жүретін, шынайы спортпен айналысатын ұстаздардың студенттерге берер тәлім-тәрбиесі де бөлек.
Пірімқұл Шолпанқұлұлы университет басшылығы бұл мәселеге үлкен мән беріп, спортпен айналысуға барлық жағдай жасап отырғанын атап өтті. Университетте заманауи үлгідегі спорт кешені, спорттық құралдармен жабдықталған тренажерлық зал, жаздық футбол алаңы, мини футбол алаңы және Орталық стадионның есігі баршаға ашық екенін жеткізді. Сонымен қатар бүгін өткізіліп отырған факультетаралық спартакиаданың бұқаралық спорт түрлерін дамытуға бағытталған үлкен шаралардың бірі екенін айтып, жарыс жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен дипломдар, сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, спартакиадаға қатысқан барша қатысушылар «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Тұяқбаеваға жарыстан алған ерекше әсерлерімен бөлісіп, мұндай спорттық шараларды дәстүрлі түрде жиі ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Кейбір қатысушылар бұл спартакиада балалық шақтағы спорттық жарыстарды еске түсіріп, ерекше әсер сыйлағанын жеткізді.
Жарысқа 7 команда қатысты. Атап айтқанда: «Орман шаруашылығы және жер ресурстары», «Ветеринария және зооинженерия», «Инженерлік технологиялар», «Су ресурстары және IT технологиялар», «Агробиология» факультеттері, «Әскери» кафедрасы және әкімшілік командасы қатысты.
Жалпы командалық нәтиже бойынша жүлделі 1-орын Әкімшілік командасы, «Ветеринария және зооинженерия» факультеті 2-орын, «Су ресурстары және IT технология» факультеті 3-орынды иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Қатысушылардың барлығы жоғары белсенділік танытып, нағыз командалық рухтың үлгісін көрсетті. Спартакиада аясында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы креативті номинациялармен марапатталды:
- «Супер спортсмен декан» – Арыстанов Мейрам Буранович;
- «Көшбасшы спортсмен декан» – Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы;
- «Спринт ұйымдастырушы» – Сманов Әшірәлі Жүсіпұлы.
Спартакиада жеңімпаздар мен барша қатысушыларды мерейлі жетістікерімен құттықтаймыз!
Алдағы жеңісті күндеріңіз көп болсын!
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)







.jpeg)