ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИДАЙ РЕСУРСТАРЫ: ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІН
2025 жылғы 20 қарашада Инженерлік технологиялар факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпісздігі» кафедрасында Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты Даутканов Нурлан Буратовичтің қатысуымен қонақ дәрісі өтті.
Дәріс «Бидайды терең өңдеу технологиясы» тақырыбына арналды.
Ғалым өз баяндамасында бидайды терең өңдеудің экономикалық және ғылыми негіздерін, морфологиялық құрылымын, өңдеу кезеңдерін, биоконверсия, гидролиз, глюкоза-фруктоза сироптары, модификацияланған крахмал, аминокислоталар, органикалық қышқылдар және глютен алу технологияларын жан-жақты таныстырды.
Лекция барысында студенттер келесі маңызды мәселелермен танысты:
• Қазақстандағы бидай өндірісінің әлеуеті (әрбір азаматқа 808 кг бидай өндіріледі);
• Терең өңдеудің экономикалық тиімділігі: 1 млн тонна шикі бидайды сату — 150–200 млн $, ал терең өңделген өнім — 1,5–4 млрд $ табыс әкелетіні;
• Ұлттық инженерлік пул қалыптастырудың маңызы;
• Крахмал, глютен, сірне, биоэтанол, органикалық қышқылдар, аминоқышқылдар өндірісінің технологиялық схемалары;
• Өңдеу процестерінде қолданылатын заманауи өнеркәсіптік жабдықтар.
Іс-шараға ТПП-23-06К және ТПРП-23-07К топтарының 3-курс студенттері және кафедра оқытушылары Исматуллаев С.Л., Боранбаева Т.К. және оқу шебері Дадашова Р.Т. қатысып, өндіріс пен ғылымның түйісетін нақты бағыттары бойынша тәжірибелік сұрақтар қойып, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін кеңейтті.
Бұл қонақ дәрісі студенттерге бидайды терең өңдеу саласындағы инновациялық үдерістерді түсінуге, ғылымды өндірісте қолдану мүмкіндіктерін бағалауға және болашақ маман ретінде кәсіби бағдарын кеңейтуге үлкен мүмкіндік берді.
Шара кафедраның білім беру сапасын арттыру, ғылыми-инновациялық бағыттарды дамыту және салалық мамандармен тығыз ынтымақтастық орнату мақсатындағы жүйелі жұмысының жалғасы болып табылады.



