KazNARU

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ V ҒАРЫШТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ИНДУСТРИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

🛰 2025 жылдың 22–23 маусым күндері ҚХР Чжэцзян провинциясының Чанчжоу қаласында V Ұлттық ғарыштық ақпараттық индустрия және халықаралық стандарттау конференциясына ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы қатысып, алғы сөз сөйледі.

🌌 Биылғы конференция «Уақыт–кеңістік ақылды технологиялары ғарыштық ақпараттық индустрияны дамытуға септігін тигізеді» тақырыбында ұйымдастырылып, осы жиында саладағы алдыңғы қатарлы үрдістер мен болашақ тенденциялар талқыланды.

🔰Академия Президенті өз сөзінде ғарыштық ақпараттық индустрияны стратегиялық жаңа салалардың бірі ретінде бағалап, оның елдердің экономикалық дамуына, әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге зор ықпал ететінін атап өтті. Қазақстан географиялық кеңістік бойынша ерекше артықшылықтарға ие болып, ғарыш технологияларын қолдану және дамыту жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Соңғы жылдары жерді қашықтықтан зондтау пен спутниктік байланыс салаларында айтарлықтай ілгерілеушіліктер бар, ал Қытай ғарыштық ақпараттық индустриясында толық өндірістік тізбекті қалыптастырып, технологиялық инновацияның мол жетістіктеріне қол жеткізіп, әлемдік көшбасшылар қатарында. Қазақстан мен Қытайдың ғарыштық ақпарат саласындағы ынтымақтастығының әлеуеті өте зор екенін, тараптар спутниктік технологияларды әзірлеу, деректерді бөлісу және кадрларды даярлау секілді бағыттар бойынша тереңірек әріптестік орната алатынын және өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізе алатынын ерекше атап өтті.

🇨🇳🤝 🇰🇿 Сонымен қатар, конференция барысында А.Күрішбаев биылғы жылдың басында құрылған Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму бойынша Қазақстан–Қытай бірлескен халықаралық зертханасын да атап өтті. Бұл зертхана ҚР Ұлттық ғылым академиясының базасында жұмыс істеп, екі елдің ғылыми-техникалық жетістіктерінің трансформациясы мен қолданылуын ілгерілетуге бағытталған. Ол осы платформа арқылы Қытайдың ғарыш ақпараттық саласындағы жетілдірілген технологиялары мен жобаларын Қазақстанға енгізіп, елдің осы саладағы дамуына ықпал ететінін, сонымен қатар Қазақстанның ғылыми жетістіктерінің де Қытай нарығына енуіне мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

👨‍🚀 V Ұлттық ғарыштық ақпараттық индустрия және халықаралық стандарттау конференциясына Го Хуадун, Гун Цзянья, Чжоу Чэнху сынды Қытай ғарыштық ақпарат саласының академиктері мен 300-ден астам беделді сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Жиын барысында ғарыштық ақпараттық саланың жоғары технологиялары мен өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, Қытайдың осы саладағы инновациялық жетістіктері кең көлемде таныстырылды.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник