KazNARU

Кәсіби бағдар беру жұмысы – ҚазҰАУ-дың қазіргі заманғы оқу орны ретіндегі маңызды қызметтерінің бірі

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының негізгі міндеті – мектеп түлектері арасында кәсіби бағдар беру жұмысының жаңа түрлерін дамыту және енгізу. Осы тұрғыда университетте бірқатар бағыттарда жұмыс жүргізілуде: ең алдымен, бұл жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларымен жұмыс істеу; жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу; бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу, Ашық есік күндерін өткізу; студенттер, магистранттар және PhD докторанттар арқылы кәсіби бағдар беру жұмысы.

2025 жылғы 31 мамырда Алматы облысы Шамалған ауылындағы Бухарбайқызы атындағы мектепте университет қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар мектеп түлектерімен кездесу өткізді.

Біз университетімізде қандай мамандықтар бойынша білім берілетінін, еңбек нарығындағы сұраныс пен түлектердің жұмысқа орналасуы туралы, университеттің отандық және шетелдік серіктестері, білім алушыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау (стипендия, тегін жол жүру, тамақтану), жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы, қос диплом алу мүмкіндігі, әскери кафедра мен екінші диплом және әскери атақ алу жайында қуана әңгімелеп бердік.

Осы күні мектеп оқушылары университетте оқытылатын мамандықтармен танысты, мектеп түлектеріне ақпараттық материалдар – қабылдау ережелері, проспектілер, брошюралар таратылды.

ҚазҰАУ туралы бейнероликтер де таратылды. Кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізудің басты мақсаты – оқушының қызығушылығы, ұмтылысы мен ішкі жан дүниесіне сай білімге деген құштарлығын ояту мен қызығушылықты арттыру.

Біздің мақсатымыз – болашақ мамандығы мен оқу орнын нақты таңдаған жастардың университетімізге келуі!

Адылқанова Ш.Р., Сансызбаева Б., Орақбаева А., Пестібекова Г., Исаев А.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник