KazNARU

Қазақстан Республикасының ЖОО қажет етілуінің Ұлттық рейтингі – 2025 (IAAR нұсқасы бойынша)

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізетін ҚР-2025 ЖОО-ларына сұраныстың тәуелсіз рейтингінің қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Қазақстан Республикасының үздік жоғары оқу орындарының топ-2025 қатарына кіріп, 6-орынды иеленді.

Жоғары оқу орындарының рейтингтері ұлттық білім беру ортасының ажырамас бөлігі болып табылады. Жаһандық академиялық қауымдастық үшін олар білім сапасына әсер етіп, қоғамда үлкен қызығушылық тудыратындықтан, маңыздырақ бола түсуде.

Рейтингке әртүрлі саладағы жоғары оқу орындары: көпсалалы, техникалық, ауылшаруашылық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық, педагогикалық, сондай-ақ өнер университеттері кірді, бұл білім беру ұйымдарын бағалауға кешенді және көп қырлы көзқарасты көрсетеді.

2025 жылы бағаланған білім беру бағдарламаларының саны 1650-ге жетті.

Қазақстан Республикасы ЖОО-на сұраныстың тәуелсіз рейтингі нәтижелері бойынша университетіміздің білім беру бағдарламаларының келесі топтары жетекші орындарға ие болды:

1-орын:

1. B078 Мал шаруашылығы;

2. B082 Су ресурстары және суды пайдалану;

3. B083 Ветеринария;

4. M133 Орман шаруашылығы;

5. M137 Су ресурстары және суды пайдалану;

6. D130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша);

7. D132 Мал шаруашылығы;

8. D137 Су ресурстары және суды пайдалану;

9. D135 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету.

2-орын:

1. B077 Өсімдік шаруашылығы;

2. B183 Агроинженерия;

3. M131 Өсімдік шаруашылығы;

4. M132 Мал шаруашылығы;

5. M136 Аграрлық техника және технологиясы;

6. M138 Ветеринария;

7. D070 Экономика;

8. D131 Өсімдік шаруашылығы;

9. D133 Орман шаруашылығы;

10. D136 Автокөлік құралдары;

11. D138 Ветеринария.

3-орын:

1. B068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі;

2. В079 Орман шаруашылығы;

3. D128 Жерге орналастыру.

Университетіміз «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» бағыттарында да көшбасшы атанды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына қажет етілуінің тәуелсіз рейтингі шеңберінде Қазақстанның жоғары оқу орындары оқытушыларының "ТОР-50"рейтингі анықталды. ТОП-50 құрамына Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Қайсар Қазыбайұлы Табынов – халықаралық Вакцинология орталығының директоры енді.

Қазақстан Республикасы ЖОО-на қажет етілуінің тәуелсіз рейтингі 2025 нәтижелері туралы толық ақпарат ресми ресурстарда қолжетімді: www.iaar.agency  және www.facebook.com/iaar.accreditation .

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник