KazNARU

ТАРИХИ ЖАҢАЛЫҚ: KazNARU БАЗАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН-НЕМІС ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

✅ 2025 жылғы 3 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті, академик Ақылбек Күрішбаев Қазақстан-Неміс университетінің Президенті, доктор Волрад Роммельмен кездесті.

✅ Кездесу барысында тараптар бұрын қол қойылған келісімдер шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылап, екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары туралы ұсыныстармен бөлісті.

✅ Қабылданған аса маңызды шешімнің бірі – KazNARU базасында екі университеттің академиялық ресурстарын біріктіретін білім беру және ғылыми-зерттеу платформасы бола алатын бірлескен "Қазақстан-Неміс институтын" құру туралы келісім.

✅ «Қазақстан-Неміс институты бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша жас мамандарды даярлауды жүзеге асырады, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға байланысты түрлі бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу үшін ғылыми потенциалды үйлестіру орталығына айналады», - деп атап өтті Ақылбек Күрішбаев.

✅ Жаңа бірлескен институтты сәтті іске қосу үшін және белгіленген уағдаластықты іске асыру бойынша Жол картасы әзірленбек. Онда білім беру бағдарламалары құрылымын бекіту, оқытушылар құрамын іріктеу тетіктерін қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық сарапшыларды тарту т.б. мүмкіндіктер қарастырылады.

✅ Доктор Волрад Роммельдің пікірінше, жаңа құрылымды құруға Германия мен Еуродақтың Халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан қолдау көрсетілп, сондай-ақ студенттерді оқытуға мемлекеттік гранттар бөлініп, технологиялар трансфері жүзеге асырылмақ.

✅ Қазақстан-Неміс институты білім беру және оқыту орталығы ғана емес, сонымен қатар өзара тәжірибе алмасу және озық ғылыми әзірлемелерді енгізу платформасы болады деп жоспарланып отыр. Оның шеңберінде агроөнеркәсіптік өндіріс саласында тұрақты және инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған бірлескен зерттеу жобалары іске асырылмақ. .

✅ Кездесу қортындысында тараптар белгіленген жоспарларды одан ары тереңдете отырып, әріптестікті жаңа деңгейге көтерудің нақты қадамдарын белгілеуге дайын екендіктерін атап өтті.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник