KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

ALMA-KIKA жобасының жұмыс тобы: биологиялық әртүрлілікті қорғау және Сиверс жабайы алмаларын сақтау 2025 жылғы 15 сәуір, Алматы қ.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) Жасыл және тұрақты даму институтының кеңсесінде ALMA-KIKA жобасының жұмыс тобының үйлестіру кездесуі гибридті форматта өтті.

Кездесуге ҚазҰАЗУ Халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, PhD докторы Рафис Абазовтың төрағалығымен жобаға қатысушы серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушылары, ҚазГИЭБ институтының қызметкерлері, сондай-ақ ALMA-KIKA жобасының үйлестірушілері мен сарапшылары жиналды.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

  1. ҚазҰАЗУ жанындағы Экожүйелер мен биологиялық әртүрлілікті қорғау жөніндегі Қазақ-неміс институтының (ҚазГИЭБ) жаңа директорын тағайындау;
  2. Жобаның қазіргі жағдайын талқылау және алдағы воркшопқа дайындық;
  3. Іле-Алатау ұлттық паркіне көшпелі семинар өткізу және ағаш отырғызу мақсатында сапар ұйымдастыру;
  4. Университеттер мен серіктес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері.

Кездесу барысында доктор Рафис Абазов ҚазГИЭБ институтының жаңа директоры – Қожабекова Ардақ Жәкетайқызын таныстырды.

Қатысушылар биологиялық әртүрлілік пен жабайы алма сорттарын сақтау бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Қоғамдық ақпараттандыруды арттыру және жастарды белсенді тарту мақсатында «Алма апталығы» атты бастама өткізу жөнінде бірқатар шаралар өткізуге келісілді.

Кездесудің басты нәтижесі – жобаның 2025 жылға арналған жол картасын бекіту болды. Оған мыналар енді:

  • «Апорт Молл Восток» сауда орталығында іс-шараға қатысу;
  • 2025 жылғы сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Алмалы Жұмақ» қорының қатысуымен «Алма апталығы» атты кең ауқымды іс-шара ұйымдастыру;
  • Жобаның барысы мен нәтижелері туралы ақпараттық және көрнекі материалдар дайындау.

ALMA-KIKA жобасы Қазақстан мен Қырғызстандағы табиғи ресурстарды тұрақты басқаруға және көне алма сорттарын сақтауға бағытталған. Қатысушылар бұл бағыттағы ғылыми және практикалық жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, өңірдің бірегей табиғи мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтау және еліміздің ғылыми имиджін нығайтуға үлес қосатынын жеткізді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник