ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Бүгінгі түлек - болашақ маман

Құқық кафедрасының бітіруші түлектері полиция капитанымен кездесті. Іс шара оқу ғимаратында ұйымдастырылды. 

4 курс студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылған шараға Алматы қаласы Түркісіб ауданы Полиция Басқармасының кадр саясат бөлімінің бастығы, полиция капитаны Бутакулов Ғабит Оразаұлы келді. Кездесу барысында түлектер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап ала алды. Негізінен толғандырған мәселе оқу аяқтағаннан кейін жұмысқа тұру жайы. Студенттер осы мәселенің бей-жай қалмайтынына қуанды. 

Жалпы кездесудің де басты мақсаты осы. Бітіруші түлектерді ҚР құқық қорғау органдарына жұмысқа шақыру.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник