«Цифрлық қауіпсіздік: интернет-алаяқтық пен фишингтен қорғану және дербес деректерді сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел!
2026 жылғы 12 қарашада «IT-технология» кафедрасының аға оқытушылары Сатыбалдиева Ф.Ә. және Самигуллов Р.Б. ИС 26-05 және ИС 26-06 топтарының студенттеріне «Цифрлық қауіпсіздік: интернет-алаяқтық пен фишингтен қорғану және дербес деректерді сақтау» тақырыбында интерактивті дөңгелек үстел өткізді.
Қатысушылар алаяқтық хабарламалардың негізгі белгілерімен, күмәнді сілтемелерді тексеру тәсілдерімен, құпиясөздер мен банктік деректерді қорғау ережелерімен танысты. Топтық жұмыс барысында студенттер фишингке, банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңырауларға және дербес деректерді сұратуға байланысты практикалық жағдайларды талқылады.
Қауіп туындаған кездегі әрекет алгоритміне ерекше назар аударылды: тоқтау, ақпаратты ресми дереккөз арқылы тексеру, аккаунттарды қорғау және болған оқиға туралы уақтылы хабарлау.
Іс-шара студенттердің цифрлық сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.