«Цифрлық қауіпсіздік – заман талабы: құқықтық сауаттылық және киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында қонақ дәріс!
25.11.2026 ж. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде "IT-технологиялар" кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлық қауіпсіздік – заман талабы: құқықтық сауаттылық және киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.
Іс-шараның құрметті қонағы – Түрксіб ауданы Полиция басқармасының аға анықтаушысы, полиция подполковнигі, заң ғылымдарының магистрі Абданбаева Ғажайып Алайдарқызы болды.
Дәріс барысында студенттерге интернет-алаяқтықтың түрлері, киберқылмыстың алдын алу жолдары, жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері және цифрлық кеңістіктегі құқықтық жауапкершілік туралы маңызды ақпарат берілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманмен пікір алмасты. Сонымен қатар дәріс соңында цифрлық қауіпсіздік тақырыбында танымдық ойын ұйымдастырылып, білім алушылардың белсенділігі артты.
Осындай кездесулер студенттердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қонағымызға мазмұнды дәрісі мен құнды кеңестері үшін алғыс білдіреміз!