Кибербуллингке жол жоқ: қауіпсіз цифрлық орта – біздің ортақ жауапкершілігіміз!

Кибербуллингке жол жоқ: қауіпсіз цифрлық орта – біздің ортақ жауапкершілігіміз!

2026 жылғы 25 қарашада «Су ресурстары және IT-технологиялар» факультетінің «IT-технологиялар» кафедрасының  аға оқытушылары Майлыханова Б.А. және Унайбаева Р.К.    ИС-26-03к және ВТ-26-01к топтарының студенттеріне  «Кибербуллингке жол жоқ: қауіпсіз цифрлық орта – біздің ортақ жауапкершілігіміз» тақырыбында ашық тәрбиелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге кибербуллингтің түрлері мен белгілерін түсіндіру, интернеттегі қысымға қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, жеке деректер мен әлеуметтік желідегі аккаунттарды қорғау жолдарын үйрету, сондай-ақ цифрлық ортадағы өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін дамыту.
Кездесу барысында кибербуллинг ұғымы, оның адамның психологиялық жағдайына, оқу үлгеріміне, әлеуметтік қарым-қатынасына және онлайн беделіне тигізетін кері әсері түсіндірілді. Әлеуметтік желілерде қорлайтын хабарламалар жіберу, жалған ақпарат тарату, бөтен адамның атынан парақша ашу, жеке фото және бейнематериалдарды рұқсатсыз жариялау сияқты кибербуллинг түрлері қарастырылды.
Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі құпиялық параметрлерін дұрыс орнату, әр аккаунтқа күрделі әрі бірегей құпиясөз қолдану, екі факторлы аутентификацияны іске қосу, белгісіз сілтемелерді ашпау және жеке мәліметтерді жариялау кезінде мұқият болу жөнінде практикалық ұсынымдар берілді.
Аталған іс-шара студенттердің кибербуллинг туралы білімін толықтырып, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету, жеке деректерін қорғау, зиянды контентке дұрыс жауап беру және цифрлық қарым-қатынаста жауапкершілік таныту дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник