KazNARU студенттерінің инновациялық жобасы – «Sanaq Academy» білім беру платформасы!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Су ресурстары және IT-технологиясы" факультеті, "IT-технология" кафедрасының «Жасанды интеллект» және «Кеңістік-уақыттық жасанды интеллект» білім беру бағдарламаларының студенттері өздерінің инновациялық жобаларымен бөлісіп, әзірлеген цифрлық шешімдерін таныстырды.
Ұсынылған жобалардың бірі – «Sanaq Academy» білім беру платформасы. Аталған жоба 10–11-сынып оқушылары мен колледж түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындауға бағытталған, заманауи ақпараттық технологияларға негізделген білім беру платформасы болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаты – талапкерлерге сапалы әрі қолжетімді білім беру, олардың ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындалуына жағдай жасау және университетіміздің білім беру бағдарламаларымен таныстыру.
Платформаның негізгі мүмкіндіктері:
* ҰБТ форматына сәйкес құрылымдалған бейнесабақтар;
* Әр тақырып бойынша тест тапсырмалары;
* Білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау;
* Жүйелі әрі тиімді дайындықты ұйымдастыру;
* Талапкерлерге кәсіби бағдар беру.
* Әр тақырып бойынша тест тапсырмалары;
* Білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау;
* Жүйелі әрі тиімді дайындықты ұйымдастыру;
* Талапкерлерге кәсіби бағдар беру.
Жобаны таныстыру барысында студенттер өздерінің бағдарламалау, цифрлық технологиялар, командалық жұмыс және жобалық басқару бағыттарындағы білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Команда мүшелері жобаның жүзеге асырылуына өз үлестерін қосып, оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен пікірлер алды.
Қазіргі уақытта жоба келесі даму кезеңіне өтіп, білім беру курсын іске қосу жоспарлануда.
Осындай студенттік бастамалар білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлік және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
"IT-технология" кафедрасы студенттердің инновациялық бастамаларын қолдай отырып, олардың кәсіби дамуына және қоғамға пайдалы цифрлық жобаларды жүзеге асыруына ықпал етеді. Топ жетекшісі: Бердімұрат Шұғыла
Студенттерімізге алдағы жобаларында сәттілік, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
Жоба туралы қосымша ақпарат: Instagram – @sanaq_academy.